Ерте пайда болған жүктілік нәрестемен қоса, ананың да денсаулығына зиян екенін, бұл жастағы қыздардың ағзалары мұндай ауыр үдерісге дайын емес екенін сіз бен біз жақсы білеміз. Білсекте үнсізбіз. Бұл мәселе Біріккен Ұлттар Ұйымына жетіп, 11 қазанды Халықаралық қыздар күні етіп жариялаған болатын. Ондағы мақсат нәзік жандылардың құқықтарын қорғау, қыздар бойындағы қандайда болмасын мәселелерін шешуге көмек беру. Осы айтулы мерзімге сәйкес, « Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК-нда «Қыз бала ұлттың ұяты,халықтың шырайы» атты іс шара өтті. Шара барысында ұйымдастырушылар қыздардың бүгінгі келбеті, тәрбиесі, әдебі мен тәртібі жөнінде орамды ойларын ортаға салды. Шарада проблемалық жағдайлар талданды, іс-шара бейне-роликті көрумен, қазақ қыздарының мінезін бейнелейтін әсем әуендер мен өріліп, өлеңдер оқуменен жалғасты. Қызды тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз!